Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобалары бойынша

Бүгін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобалары бойынша таныстырылымды өткізді.

Отырыста Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Такирұлы Балықбаев баяндама жасап, заң жобаларының негізгі ережелерін атап айтты.

Осымен, заң жобаларының негізгі жаңашылдықтар:

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсмен институтын енгізу;

- шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарға жол бермеу;

- тұтынушылардың шағымдарын қарау жүйесін жеңілдету;

- тұтынушылардың пайдасына кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу.

Сонымен қатар, депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұсыныстары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар жұмыс топтарының отырыстары шеңберінде қаралатыны айтылды.