Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы бойынша

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын пысықтап, жетілдіруге ерекше мән беру керектігін айтты.

Заң жобасын Парламент Мәжілісінде қарастыру барысында әлеуетті өнім берушілер, мердігерлер белгіленген мерзімді бұзғаны үшін және жұмысты сапасыз орындағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Сонымен қатар, Президент айтқан аса маңызды мәселе - ЕРС келісімшарттары. Бұл басымдық берілген жобаларды уақытында жүзеге асыруға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, объектіні, инфрақұрылым жобаларын жобалауды, салуды және пайдалануға беруді бір жеткізуші (мердігер) жүзеге асырады. Бұл заң жобасында нақтыланып, қарастырылады.Өйткені бұл Үкімет ұсынған заң жобасында қарастырылмаған.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңда шағымдар түскенде ішкі мемлекеттік аудит департаменті қараған болса, енді оны шағымдарды қарау жөніндегі комиссия қарайтын болады. Бұл шағым қараудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сатып алу конкурсын өткізу мерзімі 2 айдан 1 - айға қысқартылады.

Бір көзден сатып алуды жетілдіру, жұмыстарды орындалу мекенінде тіркелген өнім берушілерге шартты жеңілдік қарастыру нақтыланады.

Тағы бір мәселе, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын өңірге басқа өңірлерден делдалдар көп қатысады. Конкурсты ұтып алғаннан кейін, олардың жұмысты толық орындауға мүмкіндігі болмайды. Сондықтан жұмыстың басым көлемін орындауды қосалқы мердігерге беріп, өзі тиісті пайызын алады. Осы мәселені шешу үшін тендерді ұтып алған бас мердігерге жұмыс көлемінің 75%-ын орындауды ұсынып отырмыз.

Қойылатын біліктілік талабын күшейту қарастырылады.

8 ақпанда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы талқылау бойынша дөңгелек стол өткізді.

Жалпы мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын жетілдіру жұмыс тобының және бас Комитеттің отырыстарында жан-жақты қарастырылады.