Сабильянов
Нұртай
Салихұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Жаңа құрылыс кодексінің жобасы бойынша

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ең басты міндет екеніне тоқталып, құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейтуді тапсырды.

Үлескерлік құрылысқа, ғимараттың заңсыз әрі орынсыз салынуына қатысты қордаланған мәселелер бар.

Осыған байланысты, Президент Құрылыс кодексінің жобасын жетілдіруді тапсырды.

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі жобасының таңыстырылымын өткізді.

Жаңа құрылыс кодексінде:

- құрылыс процесінің барлық кезеңдерін онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік беретін E-Құрылыс ақпараттық жүйесін енгізу;

- құрылыс саласында рұқсаттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру;

-сәулет-құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды орнату;

- құрылыс сапасын арттыру, сондай-ақ сейсмикалық аймақтарда жобалау ерекшеліктерін реттеу;

- құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімін 5 жылға дейін ұлғайту қарастырылған.

Комитеттің шешімімен заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі болып Парламент Мәжілісінің депутаты - Әбенов Мұрат Абдуламитұлы белгіленді.

Жұмыс тобының құрамында 170 адам, оның ішінде депутаттар,орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сарапшылық ұйымдар, қоғамдық қауымдастықтар және т.б. өкілдері бар.

Заң жобасын пысықтау және жан-жақты талқылау жұмыс тобының және Комитеттің отырыстарында қарастырылады.