Садықов
Асқар
Аманбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақтөбедегі кездесулеріміз жалғасуда. Мәжіліс төрағасының орынбасары Дәния Еспаевамен бірге «КазВторКонтракт» ЖШС бас директоры Владимир Беляшовпен кездестік.

Ақтөбедегі кездесулеріміз жалғасуда. Мәжіліс төрағасының орынбасары Дәния Еспаевамен бірге «КазВторКонтракт» ЖШС бас директоры Владимир Беляшовпен кездестік.

Кездесуде Владимир Беляшов кәсібіндегі бірқатар проблемаларын айтады.

Жалпы «КазВторКонтракт» ЖШС түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу нарығында Ақтөбенің белгілі кәсіпорындарының бірі. Жылдық айналымы 11 млрд.тг жуық құрайды.

Компания бүгінде металл сынықтарын шетелге жөнелту бойынша Қазақстан темір жолының мамыр айындағы шектеу енгізуінен өнімді экспорттай алмай отыр.

Ал теміржол монополиясы болса, кәсіпкерге бұл мәселені Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бейресми бұйрығына сілтеме жасап түсіндіріпті.

- Осы сынықтарды Ресейге жөнелтуге ресми түрде тыйым салынбаған. Негізінен сынық дайындау саласында қайталама шикізат экспортының практикалық шектеулері ірі металлургиялық кәсіпорындарға ("АрселорМиттал Теміртау", KSP Steel, "Кастинг") елдегі тапшылығын алға тартып және сатып алу бағасын түсіре отырып, сынықтар нарығын монополиялауға мүмкіндік беріп отыр дейді, - кәсіп иесі.

Владимир Беляшов жіпке тізген мәселелерді түртіп алдық. Алдағы уақытта партия фракциясының талқылауына ұсынып, айтылған проблемалардың оңтайлы шешілуіне дәнекер боламыз.