2023 жылдың 10 маусым күні ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асқар Садыков Маңғыстауға іс - сапармен келді.
Сапарын арнайы өндірістік машина жасап, сататын "Caspiy машина жасау" ЖШС компаниясының басшылығымен кездесуден бастады.
Кездесуге “Ақ жол" демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбаев, филиал төрағасының орынбасары Мұрат Бекмағанбетов пен Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Жалғас Агисов және мекеме құрылтайшысы мен басшылары қатысты.
Кездесу барысында зауыттың өндіріс аймағын аралап танысып, салалық кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, машина жасаудағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және салықтық ынталандыру мәселелері талқылап, көкейкесті мәселелерін тыңдап, сұрақ жауап алмасты.
Асқар Аманбайұлы көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың жеке бақылауға алынатынын жеткізді.