2023 жылдың 10 маусым күні ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асқар Садыков "Ақ жол" демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы белсенділерімен кездесті.
Кездесуге филиал төрағасы Батыржан Қорғанбаев пен орынбасарлары, жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Батыржан Қорғанбаев белсенділермен таныстырып, филиалдың жыл басынан бері атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Асқар Аманбайұлы «Ақ жол» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, мәселелерін тыңдап, пікір алмасты.
Сондай - ақ, партия төрағасы Азат Перуашевтың атынан “Ақ жолдың” намысын қорғап, сайлаудың әділ өтуін қырағылықпен қадағалап, партияның саяси белестен абыроймен өтуіне азаматтық батылдық пен табандылық көрсеткен барлық бақылаушы, сенімді өкілдерге “Әділ сайлау қорғаны” төсбелгісін табыстап, марапаттады.