Садықов
Асқар
Аманбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңғыстау өңіріндегі іссапарым жалғасуда

Маңғыстау өңіріндегі іссапарым жалғасуда

Бүгін Жаңаөзен қаласындағы «KMG EP Catering» ЖШС еңбек ұжымымен кездестім.

«KMG EP Catering» ЖШС басшысы Жасұлан Өтегеновпен тілдесіп, ұжымның сұрақтарына жауап бердім.

«KMG EP Catering» кәсіпорны Маңғыстау және Атырау облыстарындағы кен орындарындағы мұнайшыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда компания 1000-нан астам жоғары білікті қызметкерлерден тұрады.

Кездесуде “Ақ жол” фракциясының Заңсыз шығарылған активтерді қайтару, жер қойнауын пайдалану туралы заңдар мен жаңа Салық кодексіне қатысты атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталдым.

Жиына ашық әңгіме форматында өтті. «KMG EP Catering» мекемесінің #4 асхана қызметкері Изенова Сабира ұжымның басым бөлігі әйелдер екенін, асхана ішінде жаз мезгіліндегі 40 тан 50 градусқа дейін көтерілетін ауа температурасы сияқты жағдайда жұмыс істейтіндерін және мұндай ыстықта еңбек етуде оңай емес екенін айтып, әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді.

Бұл мәселе зиянды, қауіпті өндіріс мекемелерімен қатар жүздеген метр жер астында немесе ыстық металлургиялық пештерде жұмыс істейтін адамдарға, атап айтқанда бұрын «1-тізім және 2-тізім» бойынша зейнетақымен қамтамасыз етуге құқығы бар қауіпті және аса қауіпті кәсіптердің барлық өкілдеріне әлеуметтік әділеттілік мәселесіне де қатысты екенін айттым.

Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы 1 және 2-тізімдерге сәйкес шахтерлер, металлургтер және басқа да кәсіптер үшін зейнетке шығу жасын қайтару қажет деп санайды.

«Ақ жол» фракциясы 1 және 2-тізімдер үшін зейнетақы жасын қайтаруды талап етеді және Үкімет пен БЖЗҚ-ның осы мәселеге байланысты барлық есептерін талқылауға дайын екені жеткіздім.