Әріптестерім, “Ақ жол" демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбаев, филиал төрағасының орынбасары Мұрат Бекмағанбетовпен бірге Жаңаөзен қаласындағы «Мұнай Филд Сервис» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап бердік.
Алдымен мекеме директоры Нұрлан Белшер кәсіпорынның өндіріс аймағымен таныстырып, еңбек ұжымының жетістіктері мен жұмыс жоспарларын айтты.
Сонымен бірге кәсіпорын қызметкерлері ауыз су, жол, кәсіби зейнетақы жарнасы (профессиональный пенсионный взнос) мәселелерін көтеріп, оның шешу жолдарын талқыладық.
Жиында айтылған проблемалардың барлығы «Ақ жол» фракциясының алдағы жұмысында қаралып, Парламентте көтереміз деп уәде бердім.