Бүгін Атырау өңіріне ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асқар Аманбайұлының іс-сапары басталды. Ол алғаш кездесуін «Атырау-Налко» ЖШС-ның еңбек ұжымынан бастап, оның құрылымы және қызметімен танысты.
Одан кейін Акт залында кездесуге кедген қатысушыларға, ҚР Парламент Мәжілісінің «Ақ Жол» ҚДП фракциясының арқарған жұмысы туралы есеп берді. Партия сайлауының алдындағы тұжырымын жүзеге асыру туралы баяндады.
Сондай-ақ алдағы міндеттерге тоқталып, жиналғандардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдады. Берілген сауалдарға жауап берді.
Онымен бірге Атырау облыстық Филиал Төрағасы, Облыстық Маслихат Депутаты Е.Т. Юсупов және Аппарат басшысы А.А. Кондыбаева болды.
2) Сондай-ақ ол, «Ақжайық автопарк» ЖШС-да болып, жұмысшыларымен кездесті. Онда да Партияның Парламент Мәжілісінің қызметінен хабардар етіп, Фракция сауалдары туралы мәлімдеме жасады.
Филиал Төрағасы Е.Т. Юсупов Депутатты еңбек ұжымына таныстырды. Партия бағдарламасының жергілікті жерде жүзеге асыру тетіктеріна тоқталды.
Қойылған сауалнамаларға жауап берді. ҚР Парламент Мәжілісі Депутатының облыстағы іс-сапары одан әрі жалғасын табуда.