Аймақтардағы жұмыс сапармыз өзінің қортындысын «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төңірегінде өтті.
Атырау облыстық филиалы Батыс Қазақстан өңірлері филиалдарының тәжірибе алмасу мақсатындағы бас қосуын өткіздік.
Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев қатысып, жылы лебізін білдірді, соынмен қатар облыстың алдағы міндеттеріне тоқталды.
ҚР Парламент Мәжілсінің депутаты ретінде «Ақ жол» фракциясының атқарған жұмысына тоқталып, есеп бердім.
Бас қосуда Маңғыстау облыстық филиаланың төрағасы Ж.Матаев, Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасының орынбасары Б.Ізмағамбетов, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Ф.Сансызбай сөз сөйлеп, тәжірибе алмасу бағытында өз ұсыныс-пікірлерін кеңінен білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Ақ жол» ҚДП –сы төрағасының орынбасары С.Ерубаев сөз алып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері отырып ойнау волейболынан ұлттық құрама командасын құттықтады. Оларға партия төрағасы А.Перуашевтың алғыс хатын табыс етті.
Сондай-ақ, өзімнің тарапымнан жауапкершілікпен «Еңбегім еліме» медалін Ұлттық команданың бас жаттықтырушысы Б.Тахауовқа және бір топ партия белсенділеріне табыстадым.
ҚР Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттары сайлауында белсенділік танытқан бір топ партияластарға «Әділ сайлау қорғаны» төсбелгісін табыс етіп, партия атынан ризашылығымызды білдірдік.
Батыс Қазақстан өңірлері филиалдарының тәжірибе алмасу мақсатындағы бас қосу шарасы «Хан Ордалы сарайшық» музейіне сапармен жалғасты