Садықов
Асқар
Аманбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.А. Садықов жұмыс сапарымен Қостанай қаласында кездесуде.

Партия төрағасы Азат Перуашевпен және "Ақ жол" Демпартиясының әріптестерімен бірлесіп Қостанай қаласына жұмыс сапарымен барды. Партия облыстық филиалының басшылығымен бірқатар кездесулерді өткізіп, "Ақ жол" Демпартиясынан облыстық және жергілікті мәслихаттардың депутаттарымен, сондай-ақ қостанайлық бизнесмендермен кездесті. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Allur компаниялар тобының шақыруымен салынып жатқан KamLit зауыттарында (цилиндр блоктары мен жетекші белдемдер өндіру бойынша), «Агромашхолдинг» локализациялық орталығы (ауылшаруашылық техникаларын өндіру) мен СарыАрқа автоөндірісінде (автомобиль құрастыру) болдық. Бұл өндірістермен танысу үшін зауытта жиналатын техникаға қажетті компоненттердің ықтимал өндірісіне қызығушылық танытқан Шымкент пен Түркістан облысынан бір топ маслихат депутаттарымыз бен кәсіпкерлер келді .

KamLit цилиндр блоктары зауытында орнатылған жабдықтардың барлығы - еуропалық өндірушілерге (Испания, Нидерланды, Германия, Словакия), бір жабдық БАӘ (мостовые краны) мен КХР-ға (тазалау аппаратурасы) тиесілі екеніне назар аудардым. Аталмыш жоба ресейлік КАМАЗ холдингімен кооперацияда жүзеге асырылып жатқанын ескере отырып, мұндай таңдаудың себебін сұрадым. Компания өкілдері таңдаудың себебін өндірістің РФ емес, батыс нарығына бағытталғанымен, антиресейлік санкциялар жағдайында мұның өте өзекті екендігімен түсіндірді.

Жинақтау цехтары, жаңа стильді модельдерді қарап шықтық. Әсіресе, қытайлық брендтер таңқалдырды (әзіл үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл таңқалатын жағдай болмай қалды).

Қоғамда сыналып жатқан «дөңгелекке бұранданы бұрау салу» мәселесін талқыладық, С. Семейбаев бұған кәсіпорынның бірқатар жабдықтардың отандық өндірісін қамтитын CKD (шағын түйінді жинақтау) моделіне көшетіндігін айтып сендерді. Осы орайда ол жинақтау желісі бойымен бренд иесінің сертификациялаған жағдайда Allur қазақстандық әріптестерден өндірісін сатып алуға дайын детальдерді көрсетті (есік тұтқалары, айналар, резеңке төсемелер, пластик тығындар, мультимедиа жинақтары мен дыбыс колонкалары және т.б.). Кездесудің бұл бөлігі Шымкент пен Түркістан облысынан келген әріптестеріміз үшін ең ақпараттық болып, олар аталмыш детальдар мен құжаттамалардың тізімін сұратты. Зауыт басшылығы қажетті ақпаратты жақын арада жолдауға уәде берді.

Соңында кәсіпорынның жас инженерлерімен кездесу өтіп, онда депутаттарымыз бен кәсіпкерлеріміз өндірісте техникалық мамандарды даярлау ісі мен осындай жастарды қолдауға қажетті ынталандыру шараларына қызығушылық танытты.

Қазақтілді жастардың көбеюіне байланысты кәсіпорынның техникалық құжаттамаларды (терминология мен жинақ хаттамаларынан бастап) мемлекеттік тілге көшіріп жатқаны ерекше қызығушылық тудырды. Оның үстіне, бұл механикалық аударма немесе ресми анықтамалықтар арқылы жасалмауда, себебі, онда техникалық тіл көп жағдайда жасанды және ауыр. Allure-де мемлекеттік тілге көшу тәжірибелі қазақтілді инженерлермен тікелей байланыс арқылы жүзеге асырылып, олардың өздері бөлшектер мен операцияларға қарапайым және түсінікті терминдерді ұсынады.