05 қаңтар 2024 жылы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшесі Асқар Садықов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында, Ақтөбе облыстық Әділет департаменті ұжымымен кездесті. Кездесуге сонымен қатар Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығы басшысының міндетін атқырушысы мен облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Кездесу аясында заңнама саласындағы өзгерістер, халықтың өмір сапасын жақсарту жолында әділет органдарымен жасалып жатқан құқықтық реформалар, адам құқығының қорғалуы мен заңдылықтың сақталуы сияқты мәселелер талқыланды