Сағандықова
Ажар
Бақытқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТАР ЕКІБАСТҰЗҒА БАРЫП, ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Image titleДепутаттар Екібастұзға барып, өңірлердегі жылу энергетикасы мәселелерін талқылады

Екібастұз қаласында орталық атқарушы органдар, әкімдіктер мен энергетика саласындағы компания басшыларының қатысуымен жылу энергетикасы мәселелеріне арналған көшпелі отырыс өтті.

Көшпелі отырыс «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС жылу-энергетикалық орталығын аралаудан басталды. Бүгінде мұнда бір мезгілде бес қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғанға дейін багер сорғыларына, құбырларға және басқа да жабдықтарға күрделі жөндеу жүргізу қажет.

Депутаттар мен қоғам белсенділері кемшіліктерге тоқталып, ЖЭО басшылығына сауалдар қойды.

Депутаттар Мәшһүр Жүсіп және Абай көшелеріндегі Екібастұз жылу магистральдарындағы жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. Ресми мәлімет бойынша, мұнда анықталған 260 кемшіліктің 178-і жойылды. Жаздың ортасына қарай қаланы ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру көзделіп отыр.

Талқылау одан әрі «Жылу энергетикасының өзекті мәселелері» тақырыбында өткен дөңгелек үстел аясында жалғасты. Күн тәртібіндегі мәселе – Риддер, Екібастұз, Теміртау, Жезқазған, Ақтау және Кентау қалаларындағы алдағы жылыту маусымына дайындық. Дәл осы аймақтарда жылу электр орталықтарында апат қаупі бар.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті жылумен қамту мәселелері бойынша көшпелі отырыстар өткізу тәжірибесін өзге өңірлерде де жалғасады.Image title