Сағандықова
Ажар
Бақытқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Климаттың өзгеруі мәселелері бойынша

Ү.ж. 19 сәуір күні Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Орта Азия елдерінің парламентарийлері және Сыртқы істер министрліктері өкілдерінің қатысуымен климаттың өзгеруі мәселелері бойынша 9-шы кездесуі өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті атынан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері Е.Ж.Сатыбалдин мен А.Б.Сағандықова қатыстық.

Соңғы рет аталған тақырып бойынша кездесу Астана қаласында      2022 жылы сәуір айында болған. Өз кезегінде, аталған іс-шара ұлттық және халықаралық даму серіктестері аймақтық ынтымақтастықты нығайту және хабардарлықты арттыру үшін тұрақты диалогқа қатысуға қызығушылық білдіріп тұрады.

Климаттың өзгеруін азайту парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе алдын алу бойынша маңызды күш-жігердің бірі екенін ескере отырып, Орта Азия елдері өздерінің климаттық жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларын қайта қараудың әрекеттерін, мүмкіндіктерін, тәсілдерін көрсете білді.

Іс-шараға:

- Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенешінің;

- Тәжікстан Республикасы Маджлиси Намояндагон Маджлиси Оли;

- Түркменістан Республикасы Меджлисінің;

- Өзбекстан Республикасы Сенат Олий Мажлисінің депутаттары мен Сыртық істер министрілктерінің өкілдері қатысты.

Әрбір тарап Орта Азия елдерінде заңнаманы, институционалдық шеңберлерді және климаттық саясатты іске асыруды жетілдіру, өзіне алған климаттық міндеттемелерді іске асырудағы қол жеткізген жетістіктер туралы жан-жақты баяндап берді. Сонымен қатар «Жасыл Орта Азия - Орта Азия мен Ауғанстандағы климат, қоршаған орта және қауіпсіздік жөніндегі трансшекаралық диалог» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) Бағдарламасының қолдауымен Орта Азия елдері әзірлеген «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі өңірлік стратегияны» әзірлеу барысы туралы ақпарат жөнінде толыққанды баяндама жасады.

Осы орайда қазақстандық тарап Тәуелсіз жылдары бірнеше халықаралық хаттамаларды ратификациялағаны, «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы әзірлегені, Париж келісімін қабылдағаны, Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы доктринасының әзірленгендігі туралы баяндап берді. Сонымен қатар климат бойынша Парламент қабырғасында бірнеше заң жобалары талқыланғандығы туралы кеңінен айтып берді.

Баяндама соңында Қазақстан Республикасы тарапынан бірнеше дәйекті ұсыныстар айтылып, 9-шы кездесудің жұмысы азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және Жер планетасын қорғау үшін басым бағыттарды айқындау жөніндегі мәселелерді реттеуде бірыңғай және келісілген тәсілді қалыптастыруға серпін береді деп үміттендірді.