Сайлаубай
Наурыз
Саятұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат «AMANAT» партиясының орталық аппаратында жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің отырысына қатысты

2024 жылғы 3 маусымда «AMANAT» партиясының орталық аппаратында Парламент Мәжілісінің депутаты Сайлаубай Наурыз Саятұлының қатысуымен «Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар мен жобалардың қолжетімділігі мен нәтижелері туралы» тақырыбында жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті.

Осы отырыста қатысушылар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу және Қазақстан Республикасының мұқтаж азаматтары үшін тұрғын үй сатып алу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдар үшін жылдық 7 пайыздан аспайтын кредиттер санын арттыру туралы мәселе көтерілді.

Отырысқа қатысушылар ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылған "Отау" ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие екенін және осы бағдарламаны іске асыру мұқтаж жандардың көпшілігіне баспана алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.