Құрметті Ерлан Жақанұлы!
Құрметті әріптестер!
Мен қаралып отырған Келісімді қолдаймын және әріптестерімді оны қолдауға шақырамын.
Ең алдымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 9 наурызда бекіткен Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттермен және көпжақты ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту өңірлік және көпжақты дипломатияның басым бағыттарына жатқызылғанын атап өткім келеді.
Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 15 наурызда ратификациялаған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге сәйкес жіберуші Тараптың құралымдары қабылдаушы Тараптың аумағында ол ресми өтініш берген кезде ғана болуы мүмкін, ал олардың орналасқан жерлерін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі айқындайды.
Бұл ретте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық күштері орналасқан жерлерде жедел-тергеу әрекеттерін қажет ететін құқық бұзушылықтар орын алуы мүмкін.
Осыған байланысты қаралып отырған Келісім осы құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезіндегі юрисдикция және құқықтық көмек көрсету тетігін айқындайды.
Бұдан басқа, осы Келісімде реттелмеген мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсету Қазақстан 1993 жылдан және 2004 жылдан бері қатысушысы болып табылатын Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Кишинев және Минск Конвенцияларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Әріптестер, осы айтылғандарды ескере отырып, қаралып отырған заң жобасын қабылдауды және оны Парламент Сенатына жіберуді ұсынамын.
Қолдауларыңызды сұраймын.