Сайлаубай
Наурыз
Саятұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қаржы және бюджет комитетінің депутаты Н. С. Сайлаубаудың заң шығармашылық қызметі туралы АҚПАРАТ VII шақырылым II сессия (2024 ж.)

Қаржы және бюджет комитетінің депутаты Н. С. Сайлаубаудың

заң шығармашылық қызметі туралы

АҚПАРАТ

VII шақырылым II сессия (2024 ж.)                          

    2024 жылғы қантар айынан Н.С. Сайлаубай келесі заң жобаларының жұмыс топтарының мүшесі болып табылады:

1) «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы»;

3) «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

5) «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы»;

    Сайлаубай Н.С. келесі заң жобаларының жұмыс топтарының басшысы болып табылады:

1) «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахараның оңтүстігіне қарай Африка елдеріне және Иракқа шектеулі және біртіндеп таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау туралы»;

2) «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына әдеттегі операцияларға жарғылық капиталдық шектеуді жою мақсатында түзетулерді ратификациялау туралы».