Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Энергетика және Төтенша жағдайлар министрлерінің тағайындалуына келісім беру бойынша Комитеттің отырысы өтті. Отырыста кандидат-министрлермен бірге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Скляр да қатысты. Жиын барысында министрлерге бірқатар сұрақтар қойдым. Экология және табиғи ресурстар министрі Сулейменова Зүлфия Болатқызымен сұхбаттастық. Оған өзіміздің Ұлытау өңіріндегі толғандырып жүрген экологиялық сұрақтарды қойдым. Оның негізі экологиялық нормативтердің ескілігі, құрылғылардың ескілігі, Мыс қорыту зауытындағы күкірт қышқылы цехын жаңадан салу, сол жерде орнатылатын сүзгі туралы болды. Министр 3 сұрағыма да жауап берді. Біріншісі нормативтердің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау нормативтеріне сәйкес келмейтінін мойындады. Және ол нормативтерге сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. Содан кейін құралдардың ескі екенін де мойындады. Және сол құрылғыларды ауыстыру жөнінде Үкіметтен қосымша қаражат сұрап ұсыныс жасағанын да айтты.
Байқоңыр айлағының біздің өңірімізге тигізетін экологиялық әсері және онкологиялық аурулардың өсуіне байланысты құрылған комиссия жұмысын 2024 жылдың аяғына дейін жүргізетінін және комиссияның жұмысының нәтижесінен кейін біздің өңірдің экологиялық апат аймағына кіруі жөніндегі сұрақ қаралатынын айтты. Сонымен біз Министрге сәттілік тіледік.
Бұл сұрақтар бұдан былай да менің назарымда болады.
Кезекті сұрағым Энергетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевқа арналды.
- Алдағы жылу маусымына дайындық барысы туралы
- Тұтынушыға электр тоғын жеткізу кезіндегі кейбір қосымша(прокладка) мекемелердің жұмысын шектеу туралы.
Министрдің жауабы :
- Жылу қазандықтарын жөндеуге қажетті бөлшектер мен тауарлар толық қамтамасыз етіледі, басым көпшілігін Қытайдан әкелеміз,келісім бар деді.
- Электр тоғын тұтынушыға жеткізу туралы, "Қазақстан Республикасының Жылу энергетикасы туралы" заң әзірленіп жатыр,сол заң аясында шешілетін болады деген жауап алдым.
Бізді институтта ,өндірістің негізі - энергетика саласы деп оқытқан еді. Энергетика саласына түбегейлі өзгерістер жасап,дамытпай өндірісті,елді дамыту мүмкін емес.