Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі А.Р. Ораловқа
Құрметті Асхат Раздықұлы!
Соңғы кездердегі көптеген мәдениет және архив мекемелерінің аудит тексеріс нәтижесінінің қорытындысына сүйенсек, көбінесе бюджеттік қаржы шаруашылығын жүргізу және мемлекеттік сатып алудағы қателіктерді айқындайды. Осы мәселені зерттесек, экономист және есепші, заң және мемлекеттік сатып алу мамандары С санатына жатқызылады. Сапалы және заң және қаржы мамандарын мәдениет мекемелеріне тарту оңай емес. Себебі – еңбекақысының төменгі деңгейі. Жыл сайын 20-22% көтеріліп жатқан еңбек ақыны инфляция жеп қоюда.
Мәдениет мекемелерінің негізгі жұмыс күші (дыбыс операторы, суретші-гример, реквизитор, тігінші, костюмер, бутафор-декоратор, суретші, жарық беруші, сахна машинисті, жүргізуші, қоймашы, ағаш шебері және еден жуушы, гардеробшы сынды мамандар) жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайды және еңбекақы коэффиценті төменгі деңгейде. Бұл мамандықтар мәдениет ұжымдарының үздік қызмет ету механизміне толықтай кедергі жасайды. Егер де орталық қалаларда мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік болса, орталық қалалардан қашық орналасқан (моноқалалар) мамандардың тұрақтауы қиын. Жас мамандардың тәжірибе жинап, өзге мекемелерге ауысып кетуі қазіргі кезеңнің үрдісі. Осы кезде мәдениет ұйымдары бар мамандармен ғана жұмыс істеуге мәжбүр. Осы үрдісті сақтай отыра, мәдениет саласының дамуы темпіне кері әсерін тигізуде.
Мысалы, ірі өнеркәсіптері бар аймақтарда орналасқан мәдениет мекемелерінің көптеген мамандары сол ірі өнеркәсіптердің қара жұмысына орналасады. С.Қожамқұлов театрының 10-ға жуық қызметкерлері (оның ішінде театр артисттері) 2022-2023 жылдарында театрдан Жезқазған қаласында орналасқан ірі өнеркәсіптерге ауысты. Бұл үрдіс жыл сайын жалғасуда.
Осы орайда аталған мәселелер шешу кезінде жоғарыда көрсетілген санаты жоқ мамандар еңбекақының көтерілу кезінде сырт қалуы мүмкін. Бұл ретте санаты жоқ мамандықтарды С, Д санатына ауыстырумен қатар осы санаттардың коэффиценттеріне өзгеріс енгізу арқылы жағдайды түзетуге жол ашады. Сонымен қатар, мәдениет және архив мекемелерінің қаржы және заң шаруашылығын сапалы орындау мақсатында С санатындағы есепші және экономист, заңгер және мемлекеттік сатып алу менеджері, кадр инспекторы мамандықтарын В санатына ауыстыру арқылы мәдениет ұжымдарына білікті мамандарды шақыруға мүмкіндік берер еді.
Осыған орай, құрметті Асхат Раздықұлы, аталған мәселені шешудің мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.
Е.Сатыбалдин