Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы «Ашық алаң» теле-шоу бағдарламасына қатыстым. Аталған бағдарламаға Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов, "Energy Monitor" қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов, журналист Бауыржан Мұқан, «Сивка-Бурко» шаруа қожалығының басшысы Игілік Таутенов қатысты.
Ол жерде Қазақстандағы жанар-жағар май деген тақырыпта ой өрбіттік. Негізі Қазақстанда 12 сәуірден бастап көтерілген жана-жағар май бағасының өсуіне не себеп болды? Бұл бағаны көтермеуге болатын ба еді? Ал енді алдағы жағдайда жанар-жағар май нарығы қалай жұмыс істеу керек деген сұрақтарға жауап іздедік. Әртүрлі ұсыныстар болды. Бірақ негізінде бұл ұсыныстардың бәрін Үкімет қолға алып, жұмыс істеу керек деп ойлаймын.