Сатыбалдин
Ерболат
Жалғасбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«ҒЫЛЫМНЫҢ ЭКОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» вебинары

Құрметті әріптестер !

Құрметті бүгінгі вебинарға қатысушылар !

Баршаңызға қайырлы күн !

https://www.youtube.com/live/i53_M8Gwne0?


Мен бүгін Өздеріңізбен Халықаралық Жасыл Технологиялар және Инвестициялық Жобалар Орталығында көтеріліп отырған экология мәселесіне ғылымды бағыттау тақырыбын талқылауға өздеріңізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын !

Бүгін де Экология мәселесі тек қана Қазақстан үшін емес бүкіл дүниежүзінде кезегін күттірмейтін - күн тәртібіндегі мәселе !

Әрине экология мәселесі өте көп    – таза ауа, таза су, экологиялық таза тағам, сіздің деніңіздің саулығы, жұмысқа ынтаңыз т.б. осының барлығы экономикаға тікелей әсері бар. 

Экологияны тазарта отырып, біз денсаулық сақтауға кеткен шығындарды азайта аламыз.

Бүкіләлемдік зерттеу Институттарының ақпараты бойынша ауаны тазарта отырып, біз жыл сайын 16-46 млрд евроға дейін үнемдейді екенбіз.

Осы зерттеулер таза ауаны сақтау экологиядағы мына 4 бағыттың экономикаға тікелей әсерін атап өтті:

- жұмысқа шықпау - денсаулығына сәйкес-жұмыс күндерін жоғалту (restricted activity days – «рестриктид эктивити дейс»)

- денсаулықты сақтау шығындарының көбеюі,

- жұмыстың сапасының төмендеуі – шешім қабылдау жағынан (топ менеджмент тарапынан),

- туристік бағытты дамыту.

Бұл тек қана таза ауаны сақтау бағытындағы шаралар.

Ал өндіріс мәселесіне келетін болсақ алдымызда қандай күрделі экологиялық мәселелер тұр.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның 2060 жылға дейін төменкөміртекті даму Стратегиясының бекіткенін. Бұл дегеніміз әрбір өндіріс қоршаған ортаға нөлдік шығынмен жұмыс істеуі қажет. Өндірістің негізгі бағыттарын құрайтындары энергетика саласы, көлік, мұнай-газ салалары, химиялық өндіріс, ауыл шарушылық және тау-кен өндірістері.

Бұл өндірістердің жасыл бағытта дамуы үшін жасыл технологияларды ендіруіміз керек !

 Бұл бағытта Парламент қабырғасында да көптеген Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалға алатын болсақ қазір таза экологиялық транспорттарды дамыту, олардың инфрақұрылымдарын кеңейту деген Заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл саланы дамытуда көп жеңілдіктер жүргізілетін болады. Осы жұмыстың нәтижесінде өздеріңізге мәлім көліктерден келетін 40% ауа ластануы біршама азаяды. 

Гүлбазар Ақылқызы осы Заң жобасының жұмыс тобында қызмет істеп, ғылыми тұрғыдан өз үлесін қосып жатыр. 

Әрине өндірісті бір күнде жасыл рельске түсіру мүмкін емес, бірақ осы бағытта Парламент, оның ішінде біздің Комитет тұрақты түрде жұмыс істеп,  Жаңа қабылданған Экологиялық Кодексті одан әрі жетілдіріп, оның орындалуына үлкен назар аударатыны анық ! 

Бұл тарапта өндірістің барлығы қолжетімді технологияларға (НДТ) өтулері қажет.

Қолжетімді технологиялар дегеніміз табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, экологияға зиян келтірмей өндірісті жүргізу.


Құрметті әріптестер !

Құрметті ғалымдар !

Менің ойымша нақты осы жерде біздің отандық ғалымдардың жасап шығарған технологияларын өндіріске бағыттап, жергілікті шарттарға сәйкестендіріп ендіру қажет болады.

Бұл жерде олардың жасыл өнім әкелетінін және жасыл дамуға сәйкес екенін де анықтап экспертиза жүргізетін мына өздеріңіз !

Осы Орталықта Ғылыми-техникалық Кеңес өте жақсы қажетті жұмысты жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Қолжетімді технологиялар бойынша жазылған нормативтік анықтамаларға экспертиза жүгізіп отырғанының өзі өте маңызды.

Сондықтан осы бағытта Халықаралық жасыл технологиялар Ғылым мен Өндірісті жақындатуда өте жақсы көпір болатыны сөзсіз !      

Ғылым еліміздің өркендеуінің тірегі,  ал қазіргі кезде бүкіл әлемнің талабы бойынша экономиканың жаңа моделінің негізі болатын – жасыл экономиканың дамуында да Ғылымның рөлі ерекше екенін атап өткім келеді.

Бүгінгі өткізіп отырған шараларыңыз өте орынды !

Көтеріп отырған мәселелеріңіз терең де өзекті !

Бүгінгі қарап отырған мәселе бойынша жақсы талдау жасалатынына

Баршаңызға жақсы талдау, конструктуивті диалог жақсы шешімдер қабылданатынына сенімдімін!

Бүгінгі жұмысымызға сәттілік, бәріңізге амандық тілеймін !