Сатыбалдин
Ерболат
Жалғасбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-тілек" автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логисткалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялау

      Бүгін Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-тілек" автожол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешеннің қызметін құру және реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасының отырысы өтті. Бұл Заң жобасы бойынша мен жұмыс тобының мүшесі болып табыламын.

    Аталған Келісім 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласында жасалды. 

Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қырғыз елінің өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ инвестициялар тартуға ықпал етеді және тұтастай алғанда Қырғыз Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарды жақсартуға жәрдемдеседі. 

Image title