Сатыбалдин
Ерболат
Жалғасбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрліктері өкілдері мен парламентарийлерінің климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі кезекті 9-шы кездесуі. Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы.

Қайырлы күн, құрметті 9-шы кездесуге қатысушылар!Image title Ең алдымен, Қазақстан Республикасы Парламентінің атынан ұйымдастырушылар мен қатысушыларға іс-шараға шақырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Аталған кездесудің тақырыбы Қазақстан мен Орта Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өте маңызды.

Себебі, бүгінгі таңда климат өзгеруінің ықтимал салдары әртүрлі, сондықтан оларға жауап беру - әлемдік күн тәртібінде бірінші кезектегі мәселеге айналып барады. Климаттің өзгеруі біздің көз алдымызда өтіп жатыр.  Ол «қалыпты емес», динамикалық жүйеге айналғаннан бері, тіпті атмосфералық температураның шамалы көтерілуі - бірқатар катаклизмдерді тудыруы мүмкін.

        Бүгінде бірде-бір ел климаттық сын-қатерлерге жалғыз төтеп бере алмайтынын барлығы да түсінеді. Сондықтан оған бейімделу және климаттың өзгеруінің салдарын азайту мәселелерінде аймақтық ынтымақтастық қажет.

Мәселен, Дүниежүзілік банктің соңғы есебіне сәйкес,        2050 жылға дейін климаттың өзгеруіне байланысты                        200 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуі мүмкін.

Көптеген мемлекеттер климаттың өзгеру қаупіне әлемдік түрде жауап беру қажеттілігін нақты түсіне отырып, парниктік газдар шығарындыларын, соның ішінде экономикалық және әкімшілік механизмдерді реттеу процесін бастады.  

Атап айтқанда, Орта Азия аймағы әсеріне климаттың өзгеруін нақты сезініп отыр. Осыған байланысты экологиялық апатты алдын алу үшін, оның ішінде заңнамалық деңгейде барлық тиісті қадамдар жасалып жатқанына біраз уақыт болды.

Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі алаңда «жасыл экономика» идеясын іске асыра бастаған алғашқы ел болды, себебі 1995 жылы 1992 жылы Рио-де-Жанейрода қабылданған БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылды.

2009 жылы қазақстандық тарап 2020 жылға қарай шығарындыларды 15%-ға, 2050 жылға қарай 25%-ға қысқартуды міндеттейтін Киото хаттамасын ратификациялады. Ол бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде бірқатар нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда:

- парниктік газдар есептілігінің ұлттық жүйесін құру;

- көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімін құру;

- квоталар саудасының ұлттық жүйесін қалыптастыру;

- елімізде қажетті заңнамалық базаны құру.

Бұдан әрі, 2013 жылғы 30 мамырда «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы» бекітілді. Ол мемлекеттің инновациялылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып, біздің қоғамды экологияландырудың негізін қалады.

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңге жоспарланған:

Бірінші кезең – 2013-2020 жж. - ресурстарды пайдалануды оңтайландыру, табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мен «жасыл» инфрақұрылымды құру;

Екінші кезең - 2020-2030 жж. - табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

Үшінші кезең - 2030-2050 жж. - табиғи ресурстарды, оларды жаңартылатын жағдайда пайдалану болып табылатын ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына көшуі. 

2015 жылы Климатқа байланысты өткен конференциясының 21-ші сессиясында барлық елдер Париж келісімін қабылдады. Оның мақсаты - парниктік газдар шығарындыларын азайту және осы ғасырдағы әлемдік ауа температурасының 2 градусқа дейін көтерілуін шектеу болып табылады.

Орта Азия елдерінен алғаш болып оны Қазақстан 2016 жылы ратификациялап, 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға қысқарту жөніндегі міндеттемені өзіне алды.

2021 жылғы 13 қазанда Қазақстан елордасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда сөз сөйледі. Онда Президент БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің көміртегі шығарындыларының нөлдік деңгейіне қол жеткізуге шақыруын тағы да қолдап, климаттық ахуал қазіргі таңдағы ең өткір мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті. 

Сонымен қатар, ол үкіметаралық сарапшылар тобы дайындаған климаттың өзгеруін бағалау туралы Алтыншы бағалау есебіндегі алаңдатарлық қорытындыларды атап өтті. Мәселен, егер көмірқышқыл газы шығарындылары қазіргі деңгейде сақтала берсе, әлемдік жылыну 1,5 және 2 градусқа Орта Азияда осы ғасырда көтерілуі болжанады және ол үшін шұғыл түрде іс-әрекет жасау қажет.

Президент табиғи қазбаларға айтарлықтай тәуелділікке қарамастан, Қазақстан алғашқы жүз елдің қатарында осы ғасырдың ортасына қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізетіндігін жариялап, экономика мен өнеркәсіпті төмен көміртекті трансформациялаудың базалық тәсілдерін көздейтін Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы доктринасын әзірлегендігі туралы хабарлады.

Доктрина ең озық модельдеу арқылы нақты экономиканы жаңғырту негізінде жасалды. Ол мемлекеттік және жеке сектор, оның ішінде халықаралық инвесторлар үшін экономиканың тұрақты дамуының ұзақ мерзімді бағдары болмақ.

Ондағы негізгі шаралардың мыналар:

- 2021-2025 жж. - көмір өндірудің жаңа жобаларынан бас тарту және көмірді жағудан біртіндеп бас тарту;

- 2025ж. - 2 млрд. ағаш отырғызу бағдарламасын орындау;

- 2030ж. - электр генерациясындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін екі есеге арттыру;

-  2040ж. қатты тұрмыстық қалдықтарды жүз пайыз сұрыптау;

- 2045ж. - тұрақты ауыл шаруашылығында 75% егістік жерлерде тиесілі болу; 

- 2045ж. - жеке жолаушылар көлігін жүз пайыз электрлендіру;

- 2050ж. - тек жасыл сутекті пайдалану, көмір өндірісінін толық істен шығуы және т. б.

Модельдеу нәтижелері 2060 жылға қарай Қазақстан бүкіл экономика ауқымында нөлдік шығарындылардың таза теңгеріміне қол жеткізетінін көрсетті. Шығарындылардың көп бөлігін болдырмауға болады, ал қалған шығарындылар тікелей көзден алынады, сақталады, пайдаланылады немесе өсімдіктер мен топыраққа сіңеді.

Көзделген көрсеткіштер мен көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын қамтамасыз ету үшін елдегі шығарындыларға әсер ететін салалық саясатты реформалау қажет. Өнеркәсіптік саясат Қазақстандағы шығарындыларды азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау қажеттілігін ескеруі тиіс.

Осыған байланысты, заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын елдің жоғары өкілді органы ретінде Қазақстан Республикасының Парламенті заңнамалық бастамаларды талқылауға және климаттық мәселелер бойынша пікір алмасуға ерекше назар аударады.

Мысалы, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс күшіне еніп, онда климат және атмосфераның озон қабаты бойынша арнайы бір тұтас бөлімі бар (18-бөлім). 

Ол мыналарды қамтиды:

- міндетті нысаналы көрсеткіш - 2030 жылдың соңына қарай төмендеуді қамтамасыз ету;

- көміртегі балансы 1990 жылғы көміртегі балансы деңгейінен кемінде 15%-да болуы;

- парниктік газдар шығарындылары мен сіңірілуін реттеудің нормативтік құралдарының (яғни, көміртегі бюджеті, көміртегі квоталары және қондырғы операторларын басқару) болуы;

- климаттың өзгеруіне бейімделудің негізгі алғышарттары, соның ішінде осалдықты бағалау және бейімделу шараларын жоспарлау.

Сондай-ақ, онда мемлекеттің «жасыл» инвестицияларды тартуды және ең үздік қолжетімді техникаларды, ресурс үнемдейтін технологиялар мен тәжірибелерді кеңінен қолдануды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды және т. б. көтермелеу мен ынталандыру көзделген.

Сонымен қатар, Парламентте төмен көміртекті саясаттың дамуына ықпал ететін бірқатар заңдар қабылданды.

Мысалы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңында:

- энергия реестрінің барлық субъектілерінің шамамен 90%-ын пайдаланатын, энергияны көп қажет ететін ТОП-100 кәсіпорындар үшін энергетикалық тиімділік бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу;

- мемлекеттік мекемелерде энергияны тұтынуды азайту үшін қамтамасыз ететін, сондай-ақ энергияны тұтынатын жабдықтардың қазақстандық нарығын қайта құруға серпін беретін тиімді энергетикалық мемлекеттік сатып алуды енгізу көзделген.

 «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңында депутаттар баламалы отынмен, оның ішінде сутегі электр қозғалтқышы мен қозғалтқыштары бар көлік құралдарын дамытуды ынталандыруды ұсынды.

«Өсімдіктер дүниемі туралы» заңы өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың алуан түрлілігін қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейді, табиғи өсімдік ресурстарын және өсімдіктер әлемінің генетикалық қорын сақтау, көбейту, ұтымды және теңгерімді пайдалану мәселелерін тиімді басқару үшін жағдайлар жасайды.

 «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы атмосфераға зиянды шығарындылар деңгейін төмендетуге, жылу энергетикасы саласында жаңартылатын энергия көздерін қолдануды кеңейтуге, жылу энергетикасы объектілерінің жұмыс істеуінен атмосфераға зиянды деңгейін төмендету үшін қазіргі заманғы технологияларды неғұрлым белсенді енгізуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бірқатар заң жобаларына бастамашылық жасау арқылы қоршаған ортаны, климатты, энергетиканы және т.б. қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлетіні қуантып отыр.

Мәселен, бүгінгі таңда Парламентте депутаттар бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бар. Ол баламалы отынмен жүретін автомобильдерді, электромобильдерді және гибридті автокөліктерді танымал ету үшін ынталандыру шараларын әзірлеу, сондай-ақ автомобиль сегментіндегі электромобильдерді сату үлесін ұлғайту мақсатында әзірленген.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін, электр энергетикасын және табиғи монополияларды пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол энергетика саласын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдауға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объектілерді дамытуға, инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Сондай-ақ, Үкіметте «Баламалы энергия көздерін дамыту туралы» Заң жобасы мен «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасы» әзірленуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниеті туралы амбициялық міндет қойып отыр.

Сөзімнің соңында бірнеше ұсыныстарды бұдан әрі жұмысты атқару үшін ұсынғымыз келеді: 

1. Орта Азия елдерінің парламентарийлеріне климаттың өзгеру мәселелері бойынша заңнамалық деңгейде тәжірибе алмасу қажет деп санаймыз;

2. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес ең жаңа технологияларды (аграрлық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және т. б. салаларда) әзірлеуді және енгізуді талап етеді, сондықтан мұнда да ең жаңа ғылыми-техникалық әзірлемелер бойынша тәжірибе алмасу қажет;

3. Орта Азия елдерінде климат өзгеруінің салдары туралы, мысалы, су басу, құрғақшылық, мұздықтардың еруі және т.б. туралы өзекті мәліметтер толық көлемде емес, кейде мүлдем жоқ. Осыған байланысты, біздің ойымызша, адам шығындарының алдын алуы үшін жергілікті халықты осындай проблемалар туралы алдын ала хабардар ету қажет.

Бүгінгі іс-шараның жұмысы азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және Жер планетасын қорғау үшін басым бағыттарды айқындау жөніндегі мәселелерді реттеуде бірыңғай және келісілген тәсілді қалыптастыруға серпін береді деп үміттенемін.

Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс, сындарлы диалог және тиімді өзара әрекеттесуді тілеймін!

Назарларыңызға рахмет!