Саурықов
Ерболат
Байұзақұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
VIII шақырылымның бірінші сессиясының жұмыс қорытындылары туралы қысқаша.

Бүгін ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда бірінші сессияның жұмысы қорытындыланды. Парламенттің бұл сессиясы небәрі 100 күнге созылса да, атқарған жұмыстар өте маңызды, әрі мазмұнды болғанын айта кеткен жөн.

Осы орайда Мәжіліс мінберіне депутат болып келгелі жасаған жұмыстарымды сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмын:

- Үкіметке екі депутаттық сауал және бір депутаттық хат жолдадым: «Ауыл мектептерінің білім деңгейін көтеру туралы»; «Еліміздегі республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жағдайы: сапасы мен тозуының себептері»; «Отандық жеке меншік мектептердің оқу ақысы мен білім беру сапасы туралы».

- Республикалық «Khabar», «24kz», «Qazaqstan» ұлттық арнасы, «Atameken business » және түрлі деңгейдегі БАҚ өкілдеріне 35-тен астам сұхбат берілді және халықтың көкейіндегі негізгі мәселелер көтерілді.
- Жамбыл, Ақмола, Түркістан облыстарынан келген азаматтарға арнайы қабылдау өткізіп, аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесулер ұйымдастырылып, сұрақтары мен пікірлері тыңдалды және оның шешу жолдары талқыланды.

- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде жалпы - 9, соның ішінде 1 заң жобасына жетекшілік жасадым. Қалған 8 заң жобасында комиссия мүшесі ретінде талқылауларға қатысып, өз пікірім мен көзқарастарымды ортаға салдым: Қоғамдық бақылау; Жайылымдар туралы заң жобасы; ақпараттық қауіпсіздік мәселесі; Бизнес жүргізу мәселелері т.б.

- Мәжіліс тарапынан 4 халықаралық кездесулерге қатысып, ұсыныстарымды білдірдім.

- «Ауыл» ХДПП мүшесі ретінде «Елімізде Агробанк құру», «Отандық азық-түлік қауіпсіздігі», «Еліміздегі мал және егін шаруашылығы», «Ауылдардағы шағын және орта кәсіпті өркендету» тақырыптарында жауапты министрліктерге 20-дан астам сұрақтар беріп, оның шешілу жолдарын ұсындым.

Атқарылар жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы айда Жамбыл және Түркістан облыстарында аудан, ауыл азаматтармен кездесіп, қабылдау өткізіп талап-тілектерін, ұсыныстарын тыңдап кезекті сессия жұмысына қарымды қарқынмен келмек ниет бар.