Саурықов
Ерболат
Байұзақұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көшпелі отырысы.

29.09.2023 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік шекара инфрақұрылымының жай-күйі» атты тақырыппен өткен көшпелі отырысы туралы 2023 жылғы 28-29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі – СҚО) көшпелі отырыс өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты шекаралық инфрақұрылымның жай-күйі мен даму перспективаларын одан әрі зерделеу мәселелері болды. Көшпелі отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен командалық құрамы, сондай-ақ СҚО әкімдігінің басшылығы қатысты. Комитет мүшесі Болат Керімбек отырысты аша отырып, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы әлемдегі ең ұзын шекара екенін атап өтті. Осыған орай шекаралық инфрақұрылымның жай-күйін зерделеу, Мемлекеттік шекараны күзетудің техникалық құралдарымен және байланыс құралдарымен жарақтандыру үшін СҚО-да көшпелі отырыс жоспарланған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдері инфрақұрылымдық, тылдық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін көтерді, СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметтік-жауынгерлік жұмысының қорытындылары және қазіргі проблемалар туралы айтып берді. Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов облыста орналасқан шекаралық инфрақұрылымды дамыту және оны жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Іс-шара аясында депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің жауапкершілік учаскесінде орналасқан шекара бөлімшелеріне (заставаларға, шекаралық бақылау пункттернеі және басқа да объектілерге) барды. Шекаралық инфрақұрылым объектілерін аралау барысында мәжілісмендер шекарашылардың өмірімен және тұрмысымен танысты, заставалардың құрылыс барысын көрді, «Ресей темір жолдары» ААҚ филиалы – Оңтүстік Орал теміржол бөлімшесінің «Петропавл» станциясының теміржол вокзалында болды. Аталған іс-шара барысында Комитет мүшелері жаңадан тағайындалған СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетовпен де кездесті