Қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар "Оңтүстік-Шығыс" ГТС құрылысы 2022 жылы басталды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүзеге асырылуда. Қазандықты пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, оның жалпы қуаты 350 Гкал құрайды. Елордада салынып жатқан 3-ЖЭО-ға қосымша қолданыстағы жылу тапшылығын жабуға мүмкіндік беретін үш жаңа газ қазандығын салу жоспарланған.
"Қазстройподряд" ЖШС Бас директорының орынбасары Әділхан Әбілдиннің айтуынша, "Оңтүстік-Шығыс" МТҚ құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жүйені биылғы жылыту маусымының басына қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сол жағалау аймағын қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда жұмыстың 40% орындалды.