Жұмыс сапары барысында құрылыс нысанымен танысып, жобаның қандай деңгейде атқарылып жатқанын көріп қайттық.
Айта кету керек, нысан бойынша бүгінгі күні үшінші мердігер жұмыс атқаруда, құрылыс мерзімінің уақыты кешіктірілуде.
Кездесу барысында бірнеше мәселелер көтерілді, оның ішінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді қарастыру ұсынылды.
Мердігер құрылыс нысанын 1 айдың көлемінде тапсыруға уәде беріп отыр.