Аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімге 2022 жылғы 19 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылды.
Келісімнің нормалары Еуразиялық экономикалық одақ аумағында аудиторлық қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыруға бағытталған, бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға және реттеуге бірдей тәсілді қамтамасыз етеді.
***
Келісім екі сатылы күшіне енуді көздейді:
Бірінші кезең: ратификацияланғаннан кейін БЭК – ке мүше мемлекеттерде ұйымдастыру мәселелерін реттейтін баптар күшіне енеді.
Екінші кезең: аудит саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы қосымша келісімді қабылдауды көздейді, ол күшіне енгеннен кейін осы Келісімнің нормалары толық көлемде жұмыс істейді.
***
Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.
Құрметті әріптестер!
Жұмыс тобының отырыстары мүдделі мемлекеттік органдар мен аудиторлық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.