Савельева
Татьяна
Михайловна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
МӘЖІЛІСТІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ

2023жылғы 26 сәуірде жарияланды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа жолдауы аясында қойған бірінші міндеті – халықтың табысын арттыру және теңсіздікті төмендету. Ең алдымен, бұл жалақыдағы теңгерімсіздікті жою.

Сонымен қатар, Үкіметтің еңбекақы төлеу мәселесінде қабылдайтын шешімдері көбінесе іріктелген сипатқа ие, олар өртті сөндіру қағидаты бойынша жұмыс істейді және оның нәтижесінде осы салада тепе-теңдіктің болмауына әкеп соқтырады.

Сонымен қатар, бүкіл жалақы жүйесін біркелкілікке келтіруге кедергі болатын бір ғана маңызды дәлел бар - ол қаржылық қорларының жетіспеушілігі.

Мәселен, бастапқыда факторлы-балдық межелік (бұдан әрі - ФБМ) енгізуге негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі жергілікті атқарушы органдардың
2021 жылғы 1 шілдеден бастап, ал орталық мемлекеттік органдардың 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл ішінде соған кезең-кезеңімен ауысуын көздеді.

Алайда, мұнда кейбір ерекшеліктер орын алып, соның нәтижесінде сегіз мемлекеттік орган ФБМ-ға кезеңдерді ескермей толық көлемде көшті. Бұл ретте Президенттің тапсырмасына сәйкес еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге функционалдық талдауды жалғастыру жүргізілмеді, тиісінше мұндай таңдаманың нақты негіздемесі жоқ.

ФБМ енгізудің мемлекеттік қызметке тартуын арттыруға, кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ең бастысы, мемлекеттік органдардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсері жоқтығы туралы Ұлттық экономика министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жауаптарынан туындайды.

ФБМ-ға көшу және әлуетті органдарда еңбекақы төлеуді ретке келтіру мәселелері шешілмеген, бұл олардың басшыларының нақты тәсілдер болмаған жағдайда жалақы мен үстемеақыны іріктеп көтеруді бастауға ұмтылысын тудырады.

Мұндай жағдайларда келесі қадам қазіргі уақытта жалақы мөлшерін өз бетінше анықтау құқығы берілген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және соттармен ұқсастығы бойынша бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесінен әлуетті одағын толық шығару жөніндегі ұсыныс болуы мүмкін.

Квазимемлекеттік сектордың (бұдан әрі – КМС) еңбекақы төлеу мәселелері кез-келген реттеуден тыс қалып отырады. Араласпау саясатын ескере отырып, мұнда негізсіз мемлекеттік шығындарға әкеп соқтыратын бірыңғай тәсілдер мүлдем жоқ.

Депутаттар Үкіметтің квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша жүргізіп жатқан жұмысын қолдайды, оның шеңберінде «Kazakh Invest»
АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және табыс әкеле алмайтын және негізінен мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын басқа да ұйымдар мемлекеттік кәсіпорындар болуға тиіс.

Алайда, КМС осындай экономикалық емес ұйымдарының еңбекақы төлеу мәселелерінде қазірдің өзінде ФБМ-ға сәйкес еңбекақы төлеу жүйесімен салыстырылатын бірыңғай және ашық тәсілдерді қамтамасыз ету қажет. Бүгінде бізде тағы бір көрініс бар – ол бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін ұйымдар еңбекақы төлеу мәселелерінде ел бюджетіне нақты табыс әкелетін ірі экономикалық ұйымдарға бағдарланған.

Квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасы ағымдағы жылы Мәжілістің қарауына енді келеді. Сонымен қатар, қазірдің өзінде жекелеген ұйымдардың жалпы ережелерінен алып тастау тәсілін қолдану мүмкін болатынын атап өтуге болады.

Мұндай ерекшелік мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржыландырылмайтын бюджеттен тыс қорлар болуы мүмкін, бірақ олардағы негізгі төлеушісі мемлекет болып табылады. ӘМСҚ  және МӘСҚ өз қызметін комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады және де оның мөлшерін Үкімет айқындайды.

Мұнда елеулі келіспеушіліктер орын алады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның нормаларын басшылыққа ала отырып, Директорлар кеңесі мемлекеттік органдарда тиісті лауазымдар үшін ФБМ белгілегеннен едәуір асатын лауазымдық жалақының мөлшерін айқындайды. Бұл қордың меншікті қаражаты кем дегенде дұрыс емес болып көрінеді деген дәлел.

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «АMANAT» партиясының фракциясы үкіметтің еңбекақы төлеудің шын мәнінде бірыңғай жүйесін құру жөнінде елеулі жұмыс жүргізу қажеттігін талап етеді.

Бұл ретте барлық секторларда: мемлекеттік, азаматтық және квазимемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік билік тармақтары бойынша еңбекақы төлеудегі салыстырымдылықты қамтамасыз ететін лауазымдардың ашық, түсінікті және әділ иерархиясы баяндалатын бірыңғай тізілімді құрудан бастау қажет.

Мұндай тізілім азаматтар мен билік арасында сенімсіздік туындамауы үшін қоғамға түсінікті және қолжетімді түрде ашық болуы керек.

Бұл жұмысты бір рет орындағаннан кейін, бірлік қағидатын бекіту қажет, ол санаттардың біреуі бойынша кез-келген өзгерістер бүкіл жүйеде өзгерістерге әкелуі керек екендігін болжамдайды.

Мұндай тәсілдер әрбір адамды қандай да бір кемсітусіз еңбегі үшін сыйақы алуға құқығы бар екендігі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының
24-бабының нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді және әрбір азамат иерархияның әділетті екенін және әкімшілік ресурсы бар органдар мен ұйымдар бойынша нақты өзгерістер болмайтынын түсінетін болады.

Бұл жұмысты жүргізу үшін бір ай ішінде қызметкерлер мен жұмыскерлердің үш одағы бойынша кейіннен ағымдағы жылдың соңына дейін бірыңғай тізілім мен бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін әзірлей отырып, қадамдық іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет деп санаймыз.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын барынша жұмылдыру арқылы жұмыстың барлық кезеңдерінің ашықтығы мен оның нәтижелерін жұртшылық үшін қайта түісіндіру қажет.

Өз кезегінде, «АMANAT» партиясы фракциясының депутаттары осы жұмысты талқылауға, ұсыныстарды дайындауға және жалпы алғанда мониторинг өткізуге белсенді қатысуға дайын.

Құрметпен, «АMANAT» фракциясының депутаттары:

М. Такиев

Т. Савельева

Ж. Сүлейменова

Орын. Д. Альмухамедова

тел. 746324