Мәжілісмендер партияластарға фракцияның Парламент Мәжілісінде жүргізіп жатқан заң шығару жұмыстары жайлы: партия бастамашылық еткен заң жобалары, жұмыс топтары аясындағы норма шығару ұсыныстары және депутаттық сауалдар туралы айтып берді.
Өз тарапынан, ҚХП өңірлік өкілдері өңірлердің тыныс-тіршілігін ескере отырып жасалған бірқатар идеялары мен жобаларын, маңызды ұсыныстарын жеткізді.
– Барлық ұсыныстар мұқият қаперге алынады, - деп жауап берді ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов. - Астанаға оралғаннан кейін оларды міндетті түрде қарастырамыз.