Бүгін депутат К.Сейтжан «Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен кеңейтілген тақырыптық кеңеске қатысты.
Осы отырыста Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы Е.Т. Жаңбыршин Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев елдегі экологиялық проблемаларды шешуге көп көңіл бөлетінін атап өтті.
Сондай-ақ, экология және табиғи ресурстар министрі З.Б. Сүлейменова Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы және қалдықтардың пайда болуы болып табылатынын атап өтті.
Қалдықтарды басқару саласында ҚТҚ өңдеу үлесінің өсуі байқалады.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2 770 шақырым каналды қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Түркістан облысындағы «Кесай-Қосқорған» су қоймасының құрылысы аяқталды.
Орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Отырысты қорытындылай келе, Комитет төрағасы Е.Т. Жаңбыршин экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша мемлекеттің қажеттіліктеріне барынша толық сәйкес келетін стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін өткір және өзекті мәселелерді талқылау практикасын жалғастыруды ұсынды.