Талапкер ауылының тұрғындары маған жазған өтініштері бойынша жергілікті қоғамдастық белсенділерінің және ауыл үлескерінің сұрауымен Ақмола облысының прокуратурасы өкілімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында белсенділер қазірге таңдағы жер мәселесі бойынша өздерінің сұрақтарына Целиноград ауданының прокурынан жауап алды. Басқа да ауыл тұрғындарын толғандыратын сұрақтар қойылды.
Қатысушылар:
1. Ақмола облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры – Нығанов Қорған Нұроллаұлы;
2. Целиноград ауданының прокуроры - Базарбаев Дәурен Ерханұлы;
3. Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы Битақов Қанат Ағзамұлы;
4. Целиноград облысы бойынша ОД ОП анықтаушысы - Брагин Михаил Андреевич;
5. Целиноград ауданы маслихаты депутаты - Сабитова Гульнар Галиулловна.