Сейтжан
Кенжеғұл
Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа құрылғының тұсауы кесілді

Зағиптар мен нашар көретін жандарға арналған Брайль қаріпі бар кітапхана бір планшетте? Бұл мүмкін! «Альянс-Техносервис» ЖШС оңтүстік кореялық серіктес «Dot Ink» компаниясымен бірлесіп, Қазақстан Халықтық партиясының кеңсесінде, жаңа технологиялық өнім «Dot Pad 320» Брайль қаріпін көрсететін және графикада тактильді дисплейі бар құрылғыны таныстырды. Бұл жиын «Бейіндік мектептерде оқитын балаларға арналған жаңа технологияларды енгізу» тақырыбындағы сарапшылық кездесу аясында өтті.

Шараға осы салаға қатысы бар ведомстволардың өкілдері, атап айтқанда Оқу-ағарту, Ғылым және жоғарғы білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мамандар қатысты.

Министрлік өкілдері құрылғыны бір ауыздан мақұлдап, қабылдады. Демек, жақын арада зағип және нашар көретін қазақстандықтар мектептер мен кітапханаларда осындай планшеттерде жұмыс істей алады.