Сейтжан
Кенжеғұл
Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Пара Азия ойындарына ҚХП-ның депутаты қатысады

Image title

22 қазанда Қытайда IV Пара Азия ойындары басталады. Оған осы аймақтың 45 елінен 3800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысады. Жарысқа Қазақстан паравелоспорт федерациясының президенті, Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан қатысады.

Бұған дейін Қазақстанның паравелоспорт құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын. Жаттығудың бірінші кезеңі Алматы облысындағы Талғар шатқалында, екіншісі Қырғызстанның Ыстықкөл маңында өтті.

Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, оқу-жаттығу жиыны өте қызықты, әрі нәтижелі өтті. Бұл процесте велокоманданың бас жаттықтырушысы Николай Зайцев шағын әлеуметтік сынақ жүргізген.