Сейтжан
Кенжеғұл
Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚХП депутаты Пара Азия ойындарында екінші «қоланы» жеңіп алды

Image title



Құрамына ұшқыш Антон Лаврентьев пен стокер, Қазақстан Халық партиясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан кіретін велотандем Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола медальді алып келді!

Параспортшылар Қытайдағы IV пара Азия ойындарының бесінші күні өткен 69 шақырымдық топтық жарысты үшінші болып аяқтаған болатын. Бір күн бұрын қазақстандық тандем жеке жарыста үшінші орынды жеңіп алды.

22 қазанда Ханчжоу қаласында IV Пара Азия ойындары басталған еді. Оған әлемнің осы аймақтағы 45 елінен 3800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысуда.

Қазақстан Халық партиясы Кенжеғұл Сейтжанды жаңа жеңісімен құттықтайды!