“Қазақтелеком” АҚ Басқарма төрағасы Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлымен кездесу барысында "Ауылға сапалы, қолжетімді интернет” және тағы басқа сұрақтарды талқыладық. Көптеген мәселелер көтеріліп, қарастырылды. Атап айтатын болсам:
-ауылдық жерлерді сапалы байланыспен қамтамасыз ету, аудан орталықтарын және шағын елді-мекендерді жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамту;
-сапалы ұялы байланыспен қамтамасыз ету;
- цифрлы телебағдарламаның қолжетімділігі;
- мүгедектігі бар тұлғаларға пакеттік қызмет түрлеріне пайыздық жеңілдіктерді қарастыру.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша мекеме басшысының жобасы әзірленіп, көп күттірмей тұтынушыларға ұсынылады деген сенімдемін!