Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайы

Бүгін Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында болған «Arm-bakc» бойынша «Жас жауынгер» кубогының 1 турнирінде болып, ерекше балалардан құралған командаларға әріптесттеріммен өз қолдауымызды білдіріп келдік. Бұл турнир клубтың 6 жылдығына орай ұйымдастырылған екен. 2018 жылы Садық Байымбетовтің жетекшілігімен құрылып, 5-6 баламен ғана басталған клуб бүгінде үлкен ұйым десе де болады. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен үздік ұйым атауын алған. «Қазақстан халқы» қорының демеуімен қазірде 8 қалада орталықтары бар. Шәкірттерді тәрбиелеудегі методикалары өзгеше. Соның себебінен көптеген ерекше балалар аяқтан тұрып кеткен. Бүгінде Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Атырау, Петропавл, Өскемен, Ақтау қалаларынан келген жас батырлар өз күштерін сынап бақты. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата аналарына, осындай орталықтарды құрып, жарыстарды ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деген. Бір бірімізді қолдап жүрейік.