Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қарағанды облысының мүгедектер қоғамдық ұйымдарымен кездесу жұмыс сапарымның одан арғы жалғасы болды.

 

Қарағанды облысының мүгедектер қоғамдық ұйымдарымен кездесу жұмыс сапарымның одан арғы жалғасы болды.

Бүгінде айтылған ақпараттарға сәйкес
2024 жылғы 01 қаңтар жағдайы бойынша Қарағанды облысында мүгедектігі бар 54078 адам тұрса, олардың 4849-ы балалар екен.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдары мен қызметтермен қамтамасыз ету абилитация және оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдары мен қызметтермен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етіледі.
2023 жылы мүгедектігі бар адамдар 32 мыңнан астам (32362) техникалық және компенсаторлық құралдар мен оңалту қызметтерін алған.
Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдар үшін Инватакси қызметтері ұсынылады.
Қазіргі уақытта Инватакси қызметтері облыстың 11 өңірінде (Қарағанды, Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарында) көрсетіледі. 71 машинасы бар 18 Инватакси қызметі жұмыс істейді, 15 машина кресло-арбалардағы мүгедектігі бар адамдарды көтеретін арнайы құрылғылармен жабдықталған. Дөңгелек үстелді ашқан Ауыл ХДПП өңірлік филиалының төрағасы Серғазы Мыңжасарұлы жиналған қауымға өз ризашылығын білдірді. Облыстың мәслихат
депутаты Қадиша Базарбайқызы, медицина университетінің ректоры Анар Ақылбекқызы, әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Әсем Айтжанқызы және қоғамдык ұйымдардың
мүшелері өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып сонымен қатар көкейкесті сұрақтарын жеткізді. “Бірлік бар жерде тірлік бар”, “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демей ме қазақта. Бірлесе отыра қызмет етіп, жұрт көңілінен шығар дүниелер жасау қажет. Менде өз тарапымнан шешімі қиын күрделі мәселелерді Парламент қабырғасында қозғауға тырысамын. Әрине, ел мүддесі үшін. Білімді болайық, бірлікте болайық ағайын!