Министр елімізде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстармен айналысатын 414 ұйым мен 22 мыңнан астам кадр бар екенін атап өтті. Саланы қаржыландыру соңғы үш жылда 3 есеге артқан. Саладағы проблемаларды шешу үшін Үкімет отандық ғылым мен кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған қажетті стратегиялық құжаттарды қабылдаған.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ғылым мен білім саласында жылдам жеңіске жетудің күрделі екенін айтып, бұл орайда жаңа министрліктің бастамалары мен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды талқылау маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ отандық ғылымды көтеру және одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді.
Үкімет сағатының тақырыбын жан-жақты талқылау кезінде мәжілісмендер бірқатар түйткілді мәселені көтерді. Парламент депутаттарының мазалайтын сұрақтарының бірі, ол ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын отандық аграрлы университеттердің тағдыры. Аталмыш университеттер , ғылыми институттар тиісті деңгейде қаржыланырылса деген үміттеміз!