Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде болып, журналистика мен политология факультетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатыстым.
Биыл аталмыш факультеттегі оқуын 156 студент аяқтаған болса, оның жетеуі түрлі мүгедектігі бар жастар екен.
Болашақ журналистер мен саясаттанушылар қатарында түрлі мүгедектігі бар жалпы саны 33 адам бар екен.
Мұндай жақсы үрдіс соңғы үш жылда байқала бастаған. Ал биыл алғаш рет мүгедектігі бар бір PhD докторант қорғалып шыққан.
Мұның барлығы Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нағыз жемісі деуге әбден болады. Себебі мүгедектігіне қарамастан қоғамның толыққанды азаматы ретінде жоғары білім алып, одан кейін еш кедергісіз қалаған жұмысқа орналасып жатса, одан асқан қандай бақыт бар?! Жалпы биыл ЕҰУ-дағы оқуын 5000-нан астам жас маман аяқтап, қолдарына дипломдарын алып, өндіріс орындарына жолдама алуда.
Ересек өмірге қадам басқан барлық түлектердің бастамасы сәтті болуына шын жүректен тілектеспін.