Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Құрбан айт мерекесі

 Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт қабыл болсын!
Құтты болғай!
Пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы сыналатын бұл мейрамда атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріңізге сауаптан жазғай! Жаратқан иеміз ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, игі де ізгі қызметіңізге жеміс, отбасыңызға баянды бақыт берсін. Қасиетті мейрам күндері Жаратқан ием әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке берсін. Осы мерекедегі ниет еткен тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Тәңірім баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін, аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!
Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Ізгі ниетпен: Тансауле Серіков.