Бүгін VIII шақырылымдағы Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Біз, Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары, алдағы аптадан бастап жергілікті жерлерде жұмысты жалғастыру үшін өңірлерге шығып, сайлаушылармен кездесетін боламыз.
Сонымен қатар, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарында кездесулер, сондай-ақ азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткіземіз деген жоспарларымыз бар.
Ақпарат үшін: Мәжіліс депутаттары Анас Баққожаев Алматы және Жетісу облыстарының, Жигули Дайрабаев Жамбыл және Қызылорда облыстарының, Серік Егізбаев Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының, Қарақат Әбден Ұлытау және Ақмола облыстарының, Ерболат Саурықов Түркістан және Жамбыл облыстарының, Николай Арсютин Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының, Аян Зейнуллин Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының, Тансауле Серіков Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездеседі деп күтілуде.