Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аудандық емхана

 Біз барған екінші нысан – аудандық емхана, дұрыс қарап көре білген адамға ұжым негізінен жас мамандардан тұратыны білінеді. Емханада барлық дерлік қажетті құрал-жабдықтар, жеке жансақтау бөлімі бар.
Кездесу барысында мен де аталмыш мекемеге келушілерден қызмет көрсетуге, көрсетілетін қызмет көлеміне көңілдері толатынын сұрап, оң жауап алдым.
Бұл мекемеде сондай-ақ инсульт алған адамдарға қарапайым өмірлік маңызды әрекеттерді үйрететін жаттығу терапиясы кабинеті бар екені көңілді қуантып, үміт сыйлады.
Бас дәрігердің айтуынша, онкологиялық аурулар мен аутизмге шалдыққан балалардың саны артып келеді екен. Менің айтқан ұсынысым бойынша, тұрғындар толыққанды ақпарат алып, әрі қарай емделу үшін ауданға мамандарды шақыру қажеттілігі туындады. Жергілікті мамандардың айтуы бойынша проблемалық мәселелердің бірі – балалары аутизмге шалдыққан ата-аналардың оны дерт деп мойындағысы келмеуі. Бұйрық бойынша, балалардың денсаулығын сақтау, 4 жастан мүгедектік алу үшін көптеген ата-аналар келіспейтін психиатриялық стационарда жатуы керек, осылайша бұл жағдайды ушықтырады. Сол себепті түсіндіру жұмыстарын жасау керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмек мәселесі бойынша оларды 3 айда бір рет беруді ұсындым, бұл қайшылықты жағдайларды қалай болса да шешуге мүмкіндік беретін сияқты.
Өзім ересектермен балалардың денсаулығына байланысты денсаулық саласына көп көңіл бөліп жүргендіктен, аталмыш мекемелердегі жағдай жақсара түссе екен деймін, мақсатым да сол.
Өз тарпымнан бір өтініш – мүмкіндігі шектеулі балаларға көбірек көңіл бөліп, қамқорлық мейлінше көбірек жасалса екен.