Бұл сапарымда сонымен қатар «№11 психологиялық-педагогикалық түзеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болдым. Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы мемлекеттік мекемесі. Оңалту орталығы жылына 400-ге жуық денсаулығында шектеуі бар балаға қызмет көрсетеді, бір қабылдауда 60 және одан да көп баланы қабылдай алады екен. Бұл ұйымның балалармен айналысатын өз мамандары бар. Кабинеттер де жабдықталған, бірақ қызметкерлер бірқатар наразылықтарын білдірді. Ол: балалар арасында ауру санының өсуімен қатар, бұл орталық үшін аумақтың шағындығы. Үй-жайларда желдетудің болмауы, сондай-ақ ауыстыруды қажет ететін ескі терезелер.
Аталмыш ғимаратта 180 балаға қызмет көрсететін «Батыр» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді, арнайы қызметшілері де бар. Түрлі дертке шалдыққан балаларды да бағып қағатын өз мамандары бар екен. Бұл қоғамдық бірлестік үкіметтік емес ұйымынан қызмет жасайды. Дегенмен осы орайда айтылған кемшіліктер жөнделіп, тағдырдың сынағында жүрген балалар жағдайы жақсара түседі деп үміттенемін.