Қарағанды өңірініндегі іссапардағы маңызды кездесулер жалғасын табуда.
Қарағанды облысының әкімі Ермаганбет Булекпаев пен кездесіп, өңірдің түйіткіл мәселелері мен өзгерістері жайлы сүрақтар көтерілді . Өңірден депутаттарға көптеген сауалдар келіп түсуде, сол мәселелердің шешу жолдарын талқыладық.
Жұмыс сапарымыздың басты мақсаты - Ауыл Партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын талдау, ауыл елді мекендердің даму жоспарын қарастыру, қабылданған заңнамалық жаңалықтар туралы хабардар ету, сондай-ақ өңір мен оның тұрғындары үшін өзекті мәселелерді шешуді бақылауға алу болып табылады.