Қарағанды облысы бойынша партия мүшелерімен кездесу өтті. Жиналысқа Ауыл Партиясының атынан сайланған облыстық және қалалық маслихат депутаттары, шаруа фермер қожалығының, мекеме басшылары қатысты. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабырғасындағы "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯСЫ 100 күн ішіндегі атқарылған жұмыстарымен қысқаша таныстырып өттім. Сондайақ алдағы сессияда қарастырылатын заң жобаларын талқылап бірқатар ұсыныстар алынды.
Кездесуде барысында "QAR-AGRO QOLDAU" қауымдастығының басқарма төрағасы Маукен Бекзат жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемдері мен нормативтері бойынша салыстырмалы ұсыныстар беріп, басқа да өңірлермен салыстырғанда бюджеттің кіріс бөлігі көлемінің көптігіне, облыс бойынша жалпы халық санының ішінде ауыл тұрғындары саны үлесінің аздығына, жылдарға созылған тұрақты инфляция мен қымбатшылықтарға және мал шаруашылығы өндірісі тиімділігінің едәуір төмендегеніне шын мәнінде көңіл аудармай отырғаның айтып, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар жасады. Кездесу барысында бірқатар қосымша сұрақтар талқыланды, атап айтатын болсақ: 1. Кезектен тыс облыстық маслихаттың сессиясында «Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» субсидиялау бағыты бойынша жергілікті бюджеттен қаражат қарастыру қажеттілігі;
2. Шет ауданы Жұмыскер ауылы “Бірлестік” өңдірістік кооперативінің басшысы Сәденов Әзімхан эколагтялық мәселені көтерді;
3. «Мансұр» ШҚ басшысы Сыздықбаева Лаура 2,5 % несие мен жайлымдық жер мәселесін. Лизингке сүт таситын жүк көлігінің мәселесін көтерді.
Өз кезегімде аталған мәселелердің аяқсыз қалмайтынын айттым. #ауылпартиясы #партияауыл