Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасның мәжіліс депутаты, «Ауыл ХДПП» фракция мүшесі ретінде Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келдім.

 Қазақстан Республикасның мәжіліс депутаты, «Ауыл ХДПП» фракция мүшесі ретінде Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келдім.
Ауыл партиясының өңірлік филиал басшысы- облыстық маслихат депутаты Сыздықов Бейбіт және облыстық маслихат депутаты Клишина Ольгамен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды араладым.
Алдымен Петропавл қаласында орналасқан «Республикалық протез-ортопедия орталығы» филиалында болдым. Ерекшелігі бар адамдарға арналған протез орталығының жұмысымен танысып азаматтардың қажеттілігін білдім. Орталықта шығарылатын протездер сапасын арттыру мәселесі, атап айтқанда заманауый технологиямен жасалған сапалы шетелдік қосалқы бөлшектерді пайдалану мүмкіндіктері жайлы айтылды.
Ат басын тіреген келесі нысан, ол Қызылжар ауданында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мүгедектігі бар адамдарды сауықтыру орталығы» КММ-сі болы. Орталық жұмысына, оның керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуіне, материалдық базасына ерекше көңіл бөлді. Орталық жалға алынған 400 м2 ғимаратта орналасқан. Бүгінде өңірде ерекшелігі бар 20 мыңнан астам адам тіркелген. Ал олардың саны жыл санап артып келеді. Сол себепті, орталықты кеңейтіп қана қоймай, заман талабына сай жаңғырту мәселесі көтерілді. Орталық жыл басынан бері 241 адам қабылдаған.