Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар Еуропарламент Халықаралық істер комитеті делегациясының мүшелерімен кездесті.

  Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар Еуропарламент Халықаралық істер комитеті делегациясының мүшелерімен кездесті.
Биыл Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтуде. Айгүл Құспан өз сөзінде осы уақыт ішінде еліміз Еуропалық Одақтың барлық институттарымен, соның ішінде Еуропалық Парламентпен тығыз байланыс орнатқанын атап өтті.
– Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Біздің стратегиялық серіктестігіміз нығайып келеді, – деді комитет басшысы.
Дэвид Макаллистер Еуропарламент делегациясының Қазақстанға Орталық Азия бойынша баяндама-резолюциясын дайындау үшін келгенін айтты.
– Біз Президент Тоқаев жүргізген саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды құптаймыз. Оларды одан әрі жүзеге асыру маңызды. Біздің ойымызша, Қазақстан дұрыс бағытта келе жатыр. Конституциялық реформалар сіздің елдегі Парламенттің ықпалын күшейтті, – деді Дэвид Макаллистер.
Еуропарламент сондай-ақ Еуропалық Одақтың Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықты тереңдетуіне жәрдемдесуге ниетті.