"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" деген қазақтың ежелден келе жатқан нақыл сөздерін тілге тиек ете отыра барша Қазақ елін бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтаймын!
Қазақстанның әр азаматы білімді болуы тиіс. Президентіміз айтқандай қазір білімдінің заманы. Бүгінгі білім күнімен қатар ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауын жеткізді. Онда аграрлық саланы дамыту жайлы да баса айтылды. Аграрлық саланы дамыту ел экономикасына үлкен күш беретіні сөзсіз. Сонымен қатар Су министрлігі құрылды. Енді осы салаға қатысты мәселелер оң шешімін тез табады деп үміттенеміз.
Және де С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ университетіне биыл 2000 мыңнан аса студент оқуға түскен. Бұл да болса үлкен жетістіктердің бірі. Ауыл шаруашылығы гүлденсе мемлекеттің дамуына оң ықпал ететіні белгілі. Дала гүлденсе, қала көркейеді деген сөз бекер айтылмаған. Әрине елді көркейту үшін білімді де білікті маман керек. Ол үшін оқу, білім саласы мықты болса, әр саланың кәсіби мықты азаматтары шығары анық. Президент өз жолдауында:* Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлармен кадрларды, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет *- деген болатын. Ендеше осы орайда білікті де білімді, тәжірибелі азаматтарымыз көбейе берсін демекпіз.
Білім күні құтты, әр азаматтың денсаулығы мықты болғай!