Серіков
Таңсауле
Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында “AMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында жыл сайынғы “Жан Шуақ” қоғамдық сыйлығын беру рәсіміне шақыруымен арнайы болып қайттым.

Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында “AMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында жыл сайынғы “Жан Шуақ” қоғамдық сыйлығын беру рәсіміне шақыруымен арнайы болып қайттым. Қатысушы жеңімпаздарды ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, Оқу ағарту министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және де басқа сала басшылары марапаттады.

“Қазақстан мүгедектер конфедерациясы” бекіткен “Жан Шуақ” халықаралық сыйлығы – паралимпиада ойындарында, арбада билеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген, мәдениет саласында және шығармашылық қызметте, өнерде жетістікке жеткен, елдегі ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан, өздерінің мақсаттылығының, ерік-жігері мен рухының арқасында әртүрлі қызмет салаларында нәтижелерге қол жеткізген және өз үлгісімен басқаларды белсенді өмірге ынталандыратын, мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың өзгеруіне үлес қосқан, олардың рөлін арттыруда және Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде қоғамдық өмірге қатысуда ерекше рөл атқарған тұлғалар мен ҚР орта және шағын бизнесінің дамуына қомақты үлес қосқан мүгедектігі бар кәсіпкерлерге тағайындалады. “Жан Шуақ” халқаралық силығы осымен 16-шы рет халқаралық мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау күніне орай аталып өтуде. 2022 жылы менде “ғылым саласындағы еңбектерім үшін марапатталған болатынмын.

Арнайы сыйлықты алу үшін I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар және қоғамдық-мәдени өмірге белсенді атсалысатын ұжымдар қатысты.